Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекеттік бюджетке шамамен 1 трлн теңге кіріс түсті

Мемлекеттік бюджетке шамамен 1 трлн теңге кіріс түсті

Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев Үкімет отырысында айтты.


«Мемлекеттік бюджетке шамамен 1 трлн теңге түсті немесе жоспар 111,5%-ға орындалды. Республикалық бюджетке кірістер 521 млрд теңге түсті немесе жоспар 78,4%-ға орындалды. Кірістер бойынша жоспар 143 млрд теңгеге орындалмады. Жергілікті бюджеттердің кірістері 191,3%-ға атқарылды және 526 млрд теңгені құрады», - деді министр.

Республикалық бюджет бойынша 1,5 трлн теңгеге шығыстар жүргізілген. 20 млрд теңге игерілмеген. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Мәдениет және ақпарат, Экология және табиғи ресурстар, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінде қалыптасты.


Фото: azattyq-ruhy.kz