Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Олжас Бектенов ауылдардағы медицина сапасы үшін әкімдіктерді сынға алды

Олжас Бектенов ауылдардағы медицина сапасы үшін әкімдіктерді сынға алды

Олжас Бектенов «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру қарқынының төмендігі үшін мемлекеттік органдар мен әкімдіктерді сынға алды.

«Өткен жылы 309 объектіні салу жоспарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі бақылауды әлсіретіп алды. Әкімдіктер де құрылыс орындарын анықтау, жер учаскелерін уақытылы бөлу бойынша түрлі сылтау айтып, мәселені шұғыл шешуге ниет танытқан жоқ. Жобалау құжаттарын рәсімдеу мен сараптама мәселелері де тым кешеуілдеп кетті. Сондықтан ауылдық жерлердегі медицина объектілерінің құрылысын бастау мерзімдері бұзылды»,- деді премьер-министр Үкімет отырысында.