Notice: Use of undefined constant PCRE_UNICODE_PROPERTIES - assumed 'PCRE_UNICODE_PROPERTIES' in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/classes/libraries/Input.php on line 339

Notice: Use of undefined constant PCRE_UNICODE_PROPERTIES - assumed 'PCRE_UNICODE_PROPERTIES' in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/classes/libraries/Input.php on line 339

Notice: Use of undefined constant PCRE_UNICODE_PROPERTIES - assumed 'PCRE_UNICODE_PROPERTIES' in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/classes/libraries/Input.php on line 339

Notice: Undefined index: act in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/inc/_indexload.php on line 11

Notice: Undefined index: act in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/inc/_indexload.php on line 25

Notice: Undefined index: chapter in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/inc/_indexload.php on line 51

Notice: Undefined index: chapter in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/inc/_indexload.php on line 64

Notice: Undefined index: chapter in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/inc/_indexload.php on line 78

Notice: Undefined index: act in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/inc/_indexload.php on line 85

Notice: Undefined variable: act in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/inc/_indexload.php on line 135

Notice: Undefined index: date in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/inc/_indexload.php on line 136

Notice: Undefined index: chapter_title in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/functions.php on line 348

Notice: Undefined index: chapter_name in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/functions.php on line 351

Notice: Undefined index: chapter_text in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/functions.php on line 355

Notice: Undefined index: chapter_send in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/functions.php on line 360

Notice: Undefined variable: chapter in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/inc/_indexload.php on line 153

Notice: Undefined index: chapter in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/inc/_indexload.php on line 167

Notice: Undefined index: act in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/inc/_indexload.php on line 172

Notice: Undefined index: act in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/inc/_indexload.php on line 176

Notice: Undefined index: act in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/inc/_indexload.php on line 181

Notice: Undefined index: act in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/inc/_indexload.php on line 189

Notice: Undefined index: name_class in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/inc/_indexload.php on line 228

Notice: Undefined index: fbchapter in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/inc/_indexload.php on line 242

Notice: Undefined index: fb_email in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/inc/_indexload.php on line 286
Қазақ радиосы| мобильді нұсқа

kazradio.kz


Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/pda/inc/_Air.php on line 5
Эфирде
Notice: Trying to get property of non-object in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/pda/inc/_Air.php on line 16
06:00

Notice: Trying to get property of non-object in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/pda/inc/_Air.php on line 17

Notice: Undefined index: act in /var/www/vhosts/kazradio.kaztrk.kz/httpdocs/pda/_switch.php on line 8

Біздің тарихымыз

Қазақ радиосы
Қазақ АССР Халық комиссарлары Кеңесі 1921 жылдың 29 қыркүйегінде Республикалық радиохабарларын таратуды құру жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанның сол кездегі астанасы - Орынбор қаласынан 1921 жылдың қазан айынан бүкіл Республикаға трансляция беріле бастады.
 
Республикалық Қазақ радиосы хабарларды біртіндеп тақырып бойынша топтастырды, дербес және тектес ақпараттарға бөлу нәтижесінде журналистік електен еткізді. Сөйтіп, республикалық эфирден үңдеулер, шақырулар, деректер, нұсқаулар, мәліметтер, жаңалықтар үзбей жиі берілетін болды. Орынбордан кейін Қазақ КСР-інің астанасы болған Қызылорда қаласында 1926 жылдың 3-ші қазанынан бастап, Қазақ радиосы өз хабарларын тұрақты беруді одан әрі жалғастырды. 
 
Алматы радиостанциясы 1931 жылы 1 мамырда ашылды. Алайда, оның хабарлары маусымның бас кезінде ғана тұрақты түрде таралып, келемі тәулігіне алғашқыда 4 сағат, кейінірек 6 сағаттан 12 сағатқа дейін жеткізілді. Қазақ радиокомитетінің құрылымы 1939 жылы штаттық кестеге сәйкес: басшылық; үгіт және насихат секторы; «Соңғы хабарлар» редакциясы; музыкалык, хабарлар редакциясы; әдеби-драмалық хабарлар редакциясы; Балалар хабарлары редакциясы; шығару секторы; бұқаралық жұмыс және радиотыңдаушылар хаттары секторы; радиоландыру белімі; радиоәуесқойлар секторы; бақылау-инспекторлык тобы; механикалық хабарлар бөлімі; тораптық хабарлар секторы; атқарушы адамдар; қызмет керсетуші адамдар; кадрлар секторы; арнаулы бөлім болып бекітілді. 
 
1930-шы жылдар Қазақ радиосының даму жылдары болды. Осы кезеңде ішкі редакциялық құрылым жүйеленіп, шығармашылық ұжым қалыптасты. Радиожурналистика жолға қойылып, радио бұқаралық ақпарат құралдарының бірі ретінде нығайып, бекіді
 
Отан соғысы кезіндегі радиодан берілген хабарларда Қазақстандықтардың майданға көмегі туралы үнемі айтылып тұрды. Сондай-ақ, Алматыда жасақталған Панфилов дивизиясының ерлігі, Әлия мен Мәншүк туралы, Бауыржан Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаев  туралы талай радиохабарлар сол кезде де, кейін де берілумен болды.
 
Соғыстан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру, одан 50-ші жылдары Қазақстанда тың игеру, 1961 жылы ғарышқа тарихта тұңғыш рет адамның — Юрий Гагариннің ұшырылуы зор оқиға болып, бұл орайда Қазақ радиосы жаңалыққа, қуанышқа толы хабарларын күн сайын тыңдармандарға жеткізді. Бұл кездің өзінде-ақ Қазақ радиосының әуе толқынынан қазақ, орыс, неміс, ұйғыр, корей, татар және ағылшын тілдерінде хабарлар эфирге шығып тұрды.
 
Бүгінде хабарларын тәулік бойы тарататын Қазақ радиосы – еліміздің ең ірі ақпарат жүйесі. Ұлттық арна республика радиотыңдаушыларының көп бөлігін қамтып қана қоймай, одан тысқары жерлерге де, Ресей мен Қытайдың, Өзбекстан мен Қырғыз Республикасының шекаралас аймақтарына жетеді. Сондай-ақ, «Шалқар» Ұлттық арнасының хабарлары еліміздің ірі қалаларына таратылады. Ал, қазіргі кезде интернеттегі  http://kazradio.kz сайты арқылы әлемнің кез келген түкпірінде Қазақ радиосының хабарларын онлайн режимінде тыңдауға болады. Қазақ радиосының  ресми сайты  http://kazradio.kz  2006 жылдың 08 тамызынан  бері интернет кеңістігінде. Онлайн трансляция 2011 жылдың 18 шілдесінен бері жұмыс істейді.
 
Егемен Қазақстандағы демократиялық қайта жаңғыруларды, экономикадағы, әлеуметтік және мәдени салалардағы ілгерілеушіліктерді шынайы тұрғыда көрсету - Қазақ радиосының басым бағыты. Арнаның алдында мемлекеттік саясатты елді мекендердің барлығына, алыс түкпірлерге шапшаң жеткізу міндеті тұр.
 
Қазақ радиосы жас мемлекеттің құрылысы мәселесіне жете көңіл бөліп келеді. Мұнда ең әуелі жаңа жұмыс орындары, отандық өндірістің дамуы, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес мәселелері, Қазақстан экономикасының ілгері басуы және отандастарымыздың тұрмыс-жағдайы жан-жақты қамтылады.  Радио Қазақстан халқының достығын нығайту мақсатында қазақ, орыс, неміс, корей, ұйғыр, әзірбайжан, түрік және татар тілдеріндегі хабарлары әуе толқынына шығады.
 
Электронды БАҚ қатарында Қазақ радиосы көрнекті орын алады. Радио ұжымы әр сағаттың басында берілетін жаңалықтар топтамасына айрықша көңіл бөледі. Тыңдаушылар арасында күн сайын қазақша және орысша берілетін таңдамалы бағдарламалар кеңінен танымал.
 
Бүгінгі таңда Қазақ радиосы - форматы жағынан тақырыптық бағдарламаларды жүргізетін республикадағы бірден-бір радиостанция. Қазақ радиосының музыкалық форматы ұлттық және әлемдік музыкадан тұрады.
 
Қазақ радиосы 2012 жылы Астана қаласындағы заманауи үлгіде салынған «Қазмедиа орталығына» көшті. Орталықта жоғары деңгейдегі шығармашылықпен жұмыс жасауға барлық жағдай жасалған. Жетілген сандық технология орнатылған. Мұны игеру арқылы радио мультимедия сапына қосылды. Қазақ радиосы, «Шалқар ұлттық арнасы, «Астана» радиосының конвергентті редакциялары жасақталды. НD пішінімен жұмыс істейтін мамандар даярлануда.
 
Бүгінде Қазақ радиосы «Мир» мемлекетаралық телерадио компаниясымен, «Россия» радиосымен әріптестік қарым-қатынас орнатты.
 
Қазақ радиосының «Алтын қорындағы» материалдар сандақ форматқа көшірілуде. Бүгінде қордағы 31 мың материал сандық форматқа көшірілді.
 
2012 жылы Қазақ радиосы өзінің төл туындысы – халықаралық «Дала дауысы» және республикалық «Тайжарыс» радиофестивальдерін өткізді.
 
2013 жылы БАҚ-тың 18 өкілі Қазақстан журналистер одағының 9 номинациясы бойынша лауреат атанды. Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай табысталған марапаттардан Қазақ радиосының ұжымы да тыс қалмады. Атап айтқанда, Халаман Мұсатайұлы Парламент Сенатының қызметін бұқараға жеткізудегі жемісті еңбегі үшін Сенат төрағасы Қайрат Мәмиден Алғыс хат алды. Ал Қазақ радиосының жүргізуші-редакторы Мәдина Махамбетқызы Қарулы күштердің өміріндегі маңызды және айтулы оқиғаларды насихаттауға, жастарды әскери- патриоттық тәрбиелеуге, әскери қызметтің қоғамдағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін, Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтың грамотасымен марапатталды.
 
Сондай-ақ, Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауында «Үздік радиобағдарламасы» номинациясында 1-ші орын иеленген Қазақ радиосы, «Шалқар» радиосының қызметкері Ғалым Есенсариев пен «Үздік радиобағдарламасы» номинациясында 2-ші орын алған «Шалқар» радиосы бас редакторының орынбасары Құралай Жұмаханова Мәдениет және ақпарат  министрлігінің грамотасымен марапатталды.