Эфирде

Бағдарламалар кестесі
06:00
Ары қарай

Республикалық «Әскери әндер» радиофестивалі

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы Жолдауында: «Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр» дей келіп, барша қазақстандықтарға «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеп, қабылдауды ұйымдастыруды тапсырды.
 
Осы тапсырма негізінде ҚР Қорғаныс министрлігі мен «Қазақстан» РТРК» АҚ Қазақ радиосының бірлескен жобасы - «Әскери әндер» республикалық радиофестивалі қолға алынды.
 
Ондағы мақсат – қазақтың отансүйгіштікке үндейтін, рухты, әскери әндерін кеңінен насихаттау,қазақ әнін сарбаздарға, қарапайым жандарға орындату арқылы ұлттық музыкалық және әдеби тілді әскерилер мен көпшілік арасында дәріптеу.
 
Сонымен қатар, әскерилердің ұлттық мәдениетке, өнерге деген құрметін ояту, қазақ әскери әндерінің сапасы мен санын көбейту де басты мақсаттардың қатарында.
 
Фестивальдің өтетін мерзімі:
І кезең -   2014 жылдың 28 қаңтарынан бастап, 2014 жылдың мамыр айының аралығы;
ІІ кезең -   2014 жылдың мамырынан 2014 қарашаға дейін;
ІІІ кезең - «1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күнінде» гала концерт.
 
Республикалық «Әскери әндер» радиофестиваліне еліміздің әрбір азаматы әскери әнмен қатыса алады.
 
Қатысушылардың қазақ халқының әскери-рухты әндерін, қазақ композиторларының әскери-патриоттық әндерін әскери оқиғаға негізделген түрлі орындаушылық мәнерде (дәстүрлі, академиялық, эстрадалық) орындауға мүмкіндігі бар.
 
Байқаудың өту тәртібі:
1.Радиофестивальге қатысу үшін Қазақстан аумағындағы әскери бөлімдердің сарбаздары және қатысамын деген кәсіби әнші мен әрбір Қазақстан азаматы ұсыныс бере алады;
 
2. Байқауға қатысу үшін Қазақ Радиосы askeriander@mail.ru электронды поштасына және абоненттік мекен-жайына хат жолдау арқылы өтініш беріледі;
 
3. Көркемдік кеңестің іріктеуінен өткен әндер Қазақ радиосы мен «Шалқар» Ұлттық арнасы эфирлерінен беріледі;
 
4. Іріктелген әндерді әуе толқынынан хабарлап отырады және тыңдаушыларды радиофестивальдің өтіп жатқандығынан құлағдар етеді;
 
9. Байқауға ұсынған әндерді іріктеу үшін арнайы көркемдік кеңес және радиофестивальдің өту барысына жауапты жұмыс тобы құрылады.
 
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
•          Радиофестивальге қатысушы үміткерлер шығармаларын қазақ тілінде орындауы шарт;
•          Орындалатын әннің ұзақтығы 4,5 минуттан аспауы керек және байқауға қатысатын әннің аудио нұсқасымен бірге мәтіні де жолданады;
•          Фонограмманың форматы МП 3 (стерео), сапасы - 256 кбит/с, дискретизация жиілігі - 48кГц.
•          Бір хаттың көлемі 10 Мб/, трэктің толық сипаттамасы болуы тиіс;
•          Гала концертке жолдама алған өнерпаздар әнді жанды дауыста орындайды;
 
Сұраныс беру тәртібіндегі бәріне ортақ міндеттер:
-           Қатысушының толық аты-жөні және өнер ұжымының толық атауы;
-           Өмірбаяны;
-           Көркем суреттер;
-           Мекен жайы (индекспен бірге);
-           Байланыс телефондары;
-           Электронды адрестер көрсетілуі керек.
-          
Көркемдік кеңес аптасына 1 рет, айында 4 рет өтеді.
 
І кезеңде -   2014 жылдың қаңтарынан - 2014 жыл мамыры аралығында үздік 3 ән іріктеліп шығады;
ІІ кезеңде 2014 жылдың мамырынан - 2014 жылдың қарашасына дейін айына үздік 3 ән іріктеліп шығып отырады; Демек, 2014 жылдың желтоқсанына дейін 15 үздік ән іріктеледі.
ІІІ кезең - «1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күнінде» Гала-концерт болады.
 
Қорытынды ереже:
•          Қазақ радиосының республикалық «Әскери әндер» тұңғыш радиофестивалін дайындау және өткізудің қағидасымен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
•          Таңдалып алынған әндер Қазақ Радиосының «Алтын қорында» сақталады. Іріктелген әндер телеарналарда немесе концерттерде ҚР Қорғаныс министрлігі мен Қазақ Радиосының рұқсатымен орындалады.
 
Байқаудың мекен жайы:
Индекс: 010000
Астана қаласы,
Қонаев көшесі, 4-үй.
Қазмедиа орталығы,
4-қабат, Қазақ радиосы, «Әлеумет» редакциясы
Байланыс телефондары: 8(7172) 55-32-67
 
Жоба жетекшісі: Еділ Анықбай (8702-365-47-12)
Жауапты редактор: Мәдина Махамбетқызы (8775-759-88-85)